«Менің елім – менің туым»: Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық акция өтті
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Қонаев қаласында патриоттық акция ұйымдастырды.
Акция аясында 12 қабатты тұрғын үйдің балкондарына 30-ға жуық Мемлекеттік Ту ілініп, оқушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге шырқады.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында рәміздерге деген құрмет пен елге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық рухты нығайту.