«Таза бейсенбі»: Іле ауданында 70-тен астам тұрғын экологиялық акцияға қатысты

«Таза бейсенбі»: Іле ауданында 70-тен астам тұрғын экологиялық акцияға қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Іле ауданында кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.

Тазалық жұмыстарына 70-тен астам адам – «AMANAT» партиясының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері және мәслихат депутаттары қатысты. Акция барысында 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

«Біз Қараой ауылдық округіндегі орталық саябақ аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Айналадағы шашылған қалдықтар жиналып, арамшөптер шабылды, қураған бұтақтар кесілді. Жыл басынан бері осындай экологиялық акцияларға аудан бойынша 8 мыңнан астам тұрғын қатысып, бірлескен күшпен 476 тоннадан астам тұрмыстық және құрылыс қалдығы шығарылды», – деді аудандық партия филиалының төрағасы Алмасбек Сатыбаев.

Жиналған қалдықтар сұрыпталып, арнайы полигондарға тасымалданды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың жүйелі түрде өткізілуі ауылдық жерлердегі экологиялық ахуалды жақсартуға айтарлықтай үлес қосады.