Іле ауданындағы ірі зауытта көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Іле ауданындағы ірі зауытта көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Фирма БЕНТ» ЖШС базасында «AMANAT» партиясының облыстық көшпелі қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өтті.

Қоғамдық қабылдауға зауыттың 40-қа жуық қызметкері қатысып, жалақы, еңбек қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету, жол сапасы, қоғамдық көлік маршруттары мен экологиялық ахуалға қатысты өзекті мәселелерін көтерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қабылдаудың басты мақсаты – еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарын жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету.

«Әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданады. Бұл – партияның халықпен ашық диалог орнатуға ниетті екенін көрсететін тиімді алаң», – деді ұйымдастырушылар.

Партия өкілдері мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өзге де өндірістік кәсіпорындарда жалғасатынын жеткізді. Барлық өтініштер жеке қаралып, шешу жолдары партиялық бақылауға алынады.