Жырлайды жүрек. Ұлттық музейде М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Жырлайды жүрек! Алматыдағы ұлттық мұражайда ағиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Рухани шарада ақынның туған топырағы Қарасаздан келген «көшпелі көрме» қонақтар назарына ұсынылды.

Орталық мұражайға жиналған зиялы қауым мен жастардың қарасы қалың болды. «Жырлайды жүрек» атты әдеби сазды кеште қаламгерлер жарыса сөз алып, мұзбалақ ақынның сыршыл да нәзік ирімге толы жыр жолдарына тереңнен үңілуге тырысты. Халық қазынасына айналған ақынның бай мұрасы ұрпақпен бірге мәңгі жасайтынын айтты.

БАҚЫТ ЖАҒЫПАРҰЛЫ
АҚЫН

-Мысалы айтады. Қазақтың қара өлеңі қасиетім. Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген дейді. Тағы айтады. Мен қалай ақынмын деп айта аламын. Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарамын дейді. Үш бақытымды жатқа білмейтін бала жоқ. Көрдіңіз ба? Ол Мұқағалидың халықшылдығы. 

Алатау төрінде өткен игі шараға ақынның туған топырағы қасиетті Қарасазынан көшпелі көрме жетті. Мұнда Мұқағали Мақатаев музейінің 100 ге тарта экспонат қоры келушілер назарына ұсынылды. Арасында өз қолымен ұстаған заттары, киім-кешегі, сондай ақ кітаптар мен құжаттарының қолжазбасы бар. 


ЕРЛІК АХМЕТОВ 
М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙДІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Көрмемізге келген көрермендер асқан ынтызарлықпен қарап, өздеріне шабыт алып жатыр. Және Мұқағали атамыздың өлеңіне поэзиясына деген құмарлықтарын білдіріп жатыр. Әсіресе жастар студенттер қызғушылық танытып жатыр

Ақынның көп өлеңі Алатау бөктерінде жазылды. Сондықтан тарихи құндылықтар ордасында өткен рухани кешке Мұқағали Мақатевтың жақындары да құр қол келмепті. 

БАҚЫТГҮЛ АЙДАРОВА
М.МАҚАТАЕВТЫҢ КЕЛІНІ
- Атамыздың өзі қолында ұстаған екі үш шынысын, сосын тәрелкасын алып келдім. Оның сыртында атамыздың өмірінің соңғы күндерінде киген пижамасы бар еді. Сол пижамасын алдағы уақытта әкеліп тағы осында өткізетін боламын

Ақынның 95 жылдық мерейтойына арналған игі шаралар легі 6 ақпан Қарасазда ұйымдастырылса, 7 ақпанда Астана аталып өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: