«Екі ғасыр — бір рух»!

Қарасай ауданында жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев мұраларын насихаттауға арналған рухани кеш өтті. Игі шараға зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары қатысып, қос тұлғаның бай мұрасы кеңінен нәсихатталды.

Биыл Алатаудың арда перзенті, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180, Хантәңірдің еркесі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Тағылымды  басқосуда зиялы қауым өкілдері сөз алды.  Жыр алыбы мен поэзия падишасының  рухани мұрасы жас ұрпақ кәдесіне жарап, ұлтқа қызмет етуі керек екені айтылды.

ҚАНСЕЙІТ ӘБДЕЗҰЛЫ 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ӘДЕБИЕТТАНУШЫ
«Шынында Жамбыл атамызда, Мұқағали ағамызда екеуі де екі ғасырдың адамы. Енді Жамбыл 19-20 екі ғасырды көрді. Енді Мұқағали ағамыз 20 ғасырдың перзенті. Екеуін рухани жағынан жақындастыратын дүние бұол қазақ әдебиеті, поэзия. Бұлар ең бірінші болашақ ұрпаққа керек қой. Егер біздің жастарымыз оларды оқымаса білмесе,  бағы жанбай сөзінің құны болмвй қалар еді»

Рухани кеш аясында жас буын қос ақынның жырларын жарыса жатқа оқып, сөзіне жазылған әндерін әуелете шырқады. 

АЯУЖАН САДУАҚАСОВА 
«АТАМЕКЕН» ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Балалрды патриоттық сезімге, отан сүйгіштікке, табиғатты аялап, ата-ананы құрметтеуге, бабадан балаға қалған өлең мұрасын ардақтауға түсінуге шақырып отырмыз. Сондықтан осындай кеш біздің орталығымызда жиі ұйымдастырылады» 

Қонақтар Жамбыл мен Мұқағали туралы кітап бетіне жазылған құнды деректермен танысып, Жамбыл ауылынан келген жылдымалы мұражай  көрмесін де тамашалады. 

Сондай-ақ оқыңыз: