«На грани» фильмінің тұсаукесері өтті
Елімізде «На грани» атты телесериал жарыққа шықты. Бейбіт күнде ел амандығын күзетіп, қауіппен бетпе-бет келетін қайсар мінезді Дана кіммен күресіп жүр? Ал, мамандық таңдауда гендерлік рөл қаншалықты маңызды? Әріптесім Ақжан Анапия фильм желісімен танысып қайтты.
Сапер әйелге тән мамандық емес - деп фильмінің басты кейіпкері Дана Тахованы сөккендер көп болды. Бірақ Дана алған бетінен қайтпай, қайсарлық танытты. Арман-адамды алға жетелейді. Рөлді ойнаған Шапағат Ерғазина түсірілімнің қиындығына қарамай, жекпе-жекті меңгерген.
ШАПАҒАТ ЕРҒАЗИНА
АКТРИСА
- Мен залалсыздандыруды, түрлі құралдармен жұмыс істеуді үйрендім. Сырт көзге сымдарды қиып, тапаншаны дұрыс ұстау оңай көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде бұл үлкен дайындықты талап етеді. Әрине, төбелес сахналары да болды, құлап, қайта тұратын сәттер де аз емес.
Қаланың әсем көрінісі картина желісін байыта түскендей. «Көрерменге сапалы дүние ұсыну арқылы өзімізді де тәрбиелейміз»- дейді жоба режиссері.
ЕРАСЫЛ БАЙБОЛОВ
РЕЖИССЕР
- Масштаб - түсірілім өткен локациялар арқылы байқалады. Ал төнген қауіптің қаншалықты ауқымды екенін көрсету үшін бірнеше нысанда жарылыс ұйымдастырдық. Көрермен оң бағасын береді деп сенеміз. Әсіресе әйелдер қауыман ұнауы қажет. Себебі туындының басты кейіпкері -әйел, ал оқиға желісі тың әрі өзгеше шешімнен тұрады.
Фильмде арқылы әр салада қызмет істіп жүрген әйелдердің мехнатты міндеті мен кәсібі біліктілігін, төзімін, қуаныш мен қайғы-мұңын көріп, түсінуге болады. Бұл туынды әйел жауапкершілігі мен ішкі беріктігін астарлы жеткізіп, адамның шексіз мүмкіндігін көрсетеді.