Даусы дәуірмен үндескен диктор

Қазақ радиожурналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі диктор Сауық Жақанова сексен жасты еңсерді. Ғұмырын ұлттық радионың өркендеуіне арнаған ардақты жанды «Қонаев медиа» ұжымы арнайы барып құттықтады.  Сауық Мәсіғұтқызы жас журналистерге кәсіби шеберлік, сөйлеу мәдениеті мен жауапкершілік жайында ақыл-кеңесін айтып, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Сауық апай дыбыстаған 500-ден астам жазба Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. Таңғы эфирден басталған әдемі үн Алтайдан Атырауға дейін тыңдарманды әлдилеп, сырлы әуезі мен көркем тілі арқылы талай буынның талғамын тәрбиеледі. «Он жеті жасымда өнерге келдім. Ал оқу бітірер шағымда Әнуарбек Байжанбаевтың мектебінен өтіп, бағым жанды» - дейді қазақ радиосының сандуғашы.

САУЫҚ ЖАҚАНОВА 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АРДАГЕР ДИКТОР
«Бір шығарма, өлең бірдеңе оқыңыз деді. Одан кейін сіз ән салыңыз деді, билеңіз деді, бір хат жазыңыз. Содан ойлап отырмын жарайы ән салдым, өлеңді де оқыдым, енді жаңағы хат жазыңыз дегенде Егений Онегинд, әлгі Онегиннің кинодан Татьянанның хат жазып отырғанын көргем. Сол есіме түсті дағы....  Хат жазған болып, сосын оны ойланып жазған болып, кәдімгідей рөлде ойнадым. Қызық болды, өзінен өзі шықты»

Диктордың сөз саптауы, дауыс екпіні мен тынысты орнымен қолдануы, мәтінді мағынасына сай құбылта білуі -  кәсіби шеберліктің белгісі. Оның эфирдегі әрбір сөзі радио мәдениетін биіктетті. «Сауық жұмысқа келмей қалса, бәрі оны іздейтін. Тіпті ақын-жазушылар өлеңін, мәтінін оқып беруін сұрайтын» - дейді әріптестері. 


АҚБОЛ ҮДЕРБАЕВА 
ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, РЕЖИССЕР
«Ауылда мектепте оқып жүргенде Сауық Жақанова, Әнуарбек Байжанбаев. Көп адамдар радиодан сөйлейді ғой. Содан қарап тұратынбыз. Ауылда мынандай бір не бар. Содан естіліп жатады клубтың алдында. СКЛ. Япырай мыналар қайдан сөйлеп тұр екен, қалай сөйлеп тұр екен, сиып тұр екен деген сияқты. Содан Сауықтың дауысы шығады сылдырап, сол ойлаймын бір навернео әдемі қыз сөйлеп жатыр деп. СКЛ. Кейіннен келіп, оқуды бітіріп келіп, радиоға жұмысқа тұрып. Сонда ең бірінші рет көрегнде таңқалдым, кішкентай ғана сары қыз әп-әдемі. Мынандай дауыс қайдан шығып жатыр бұдан деп.»


Сауық Жақанова ұлттың үнжариясы «Шалқар» мен «Қазақ радиоларында» көп жыл қызмет атқарды. 1966 жылы диктор жұмысқа кірген шағында ұстазы Мина Сейітованың ықпалымен Димаш Ахметұлымен кездесіп, батасын да алған. 


САУЫҚ ЖАҚАНОВА  
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АРДАГЕР ДИКТОР
«Қазір мына сабақтастықты қарашы өмірдің. Сіздер Қонаев атаның атындағы, қаладан, соның атындағы медиа орталықтан келіп отырғандарың, мені бүгінгі туған күніммен құттықтаймын дегендерің ол үлкен бақыт қой.» 


Кейін Сауық Мәсіғұтқызы жас әріптестерне сахналық тіл мен сөйлеу мәдениетінен дәріс берді. Радио өнерінің тағылымын бөлісіп, кәсіби мектептің жалғасуына үлес қосты. Қазір Сауық апа ертегі оқып, балаларды үнімен әлдилеп жүр.

Былтыр президент қолынан «Парасат» орденін алған сәттегі бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, мыңдаған қаралым жинады. Әсіресе, қазақ радиосы мен телевизиясының дикторларын танымайтын жас буын «Бұл кісі кім?» деп қызығушылық танытты. Ол - тұтас бір дәуірдің үніне айналған Сауық Жақанова. 

Сондай-ақ оқыңыз: