Ахмет Байтұрсынов мұрасы
«Ғасырлар үндестігі. Ахмет салған сара жол, Асылы айтқан дара сөз». Қарасай ауданы, Үштерек ауылында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қайраткерлік жолы ұлықталған тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды. Рухани іс-шараға белгілі ғалым, қоғам қайраткері Асылы Осман қатысып, өскелең ұрпаққа Байтұрсынұлының бай мұрасы, ұлт руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегі жайында мазмұнды ой қозғады.
Кездесуде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ағартушы-педагог, ұлт жанашыры ретіндегі тарихи рөлі кеңінен сөз болды. Оның әліпби реформасы, оқу-ағарту ісін дамыту еңбектері мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресі жас ұрпаққа үлгі ретінде дәріптелді.
ҒАБИТ СӘБИТҰЛЫ
ҮШТЕРЕК АУЫЛЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Бұл іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ұл ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы мен бүгінгі күннің тіл жанашыры Асылы Османның қайраткерлік жолын үлгі ету. Тек өткен тарихты дәріптеп қана қоймай, сол тарихты бүгінгі күнмен сабақтастырып отырмыз
«Тіл — тағдыр. Тілін сыйламаған адамның — ділі де, Отаны да болмайды». Қоғам қайраткері Асылы Әлиқызының бұл сөздері зал толы шәкірттердің жүрегіне жол тартты. Сұхбат барысында ол Ахмет заманындағы тіл мәселесі мен бүгінгі жаһандану дәуіріндегі ана тілінің қадір-қасиетін сабақтастыра баяндады
АСЫЛЫ ОСМАН
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Ахметтің орны дара. Қазақтың асқақтығын Алатауынан, байлығын жайлауынан көрсететіндей нағыз қазақтың данасын да даралап өстіп көрсетке. Өйткені ол өзінің еліне, халқына жан-тәнімен берілген адам. Қанын да жанын да халқына аямаған адам
ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Біздің ауданда «Тұлға» деген жобамыз бар. Бұл жоба аясында біз елімізге еңбек сіңірген тұлғаларды балалармен, жастармен жас ұстаздармен кездестіру арқылы ол кісілердің еліміздің дамуына сіңірген еңбегіни насихаттау арқылы балаларды отансүйгіштікке, ұлттық рухани тәрбиеге және бір өзінің кәсіби маман болуына бағыттаймыз, тәрбиелейміз
Асылы Осман өз сөзінде Ахмет мұрасының бүгінгі күнмен сабақтастығын ерекше атап өтіп, тілге құрмет – ұлтқа құрмет екенін жеткізді. Іс-шарада оқушылар өз өнерін ортаға салды. Мектепте ұлттық құндылықтарға ерекше мән беріледі. Ұстаздар үнемі салт-дәстүр мен әдт-ғұрып дәрістерін өткізеді. Арнайы ұйымдастырыған көрмеде шәкіртер жасағын туындылар көрсетілді. Ал даналық сөзін айтқан Асылы апай асық атып, бір сәтке балалық шағына оралды.