Қонаев қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық турнир өтеді

Қонаев қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық турнир өтеді

2025 жылғы 17-18 мамыр күндері Қонаев қаласында «Жаңа ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің жүлдесіне арналған дзюдодан облыстық турнир өтеді. Сайысқа Алматы облысының барлық аудандарынан 2010-2011 жылы туған 150-ден астам жас спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы облыстық спортты дамыту орталығы (СДР), Қонаев қаласы, Демалыс аллеясы, 2-А.

Жарыстың басталуы: 17 мамыр, сағат 10:00

Салтанатты ашылу рәсімі: 17 мамыр, сағат 13:00

Марапаттау рәсімі: 18 мамыр, финалдан кейін

Жарыс аясында 15 салмақ дәрежесі бойынша медаль жиынтығы сарапқа салынады: ұлдар 9 салмақ (38 кг-нан бастап +73 кг дейін), ал қыздар 6 салмақ (40 кг-нан +57 кг дейін) бойынша күш сынасады.

Жарыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дзюдоны еліміздегі танымал спорт түрі ретінде дамыту, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен мақтау қағаздарынан бөлек ақшалай сыйлықтар табысталады.

Ұйымдастырушылар:

– Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

– Алматы облыстық спортты дамыту орталығы

– Алматы облыстық дзюдо федерациясы

– «Жаңа ұрпақ» қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: +7 707 492 4286 (Асқар Көшербаев)