Шонжыда Ұлыстың ұлы күні нағыз бірлік думанына айналды
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай Ұйғыр ауданында «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр дәріптелген тағылымы мол мерекеге шамамен 7000-ға жуық адам қатысты.
Мерекелік бағдарлама ұлттық нақыштағы көріністермен басталып, сахна төрінде Жамбыл мен Құлмамбет ақындарының айтысы сахналанды. Қыдыр ата бата беріп, әжелер шашу шашып, жиналған жұртшылыққа ақжарма тілектерін жеткізді. Сонымен қатар «Арзу» халықтық ән-би ансамблі, аудандық шығармашылық ұжымдар мен мектеп өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
ЕРЖАН НЫСАНБАЕВ
КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРҒАСЫ
«Бүгін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде Ұйғыр ауданында халқымыз кеңінен жиналып, мерекені жоғары деңгейде атап өтуде. Барлық мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе қатысып, орталық алаңда 15 қазақ үй тігіліп, ұлттық дәстүріміз кеңінен насихатталуда. Сонымен қатар бірқатар кәсіпкерлер марапатталып, олардың аудан дамуына қосқан үлесі атап өтілді»