Ақордада Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов марапатталды
Ақордада 14-ші қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен жарыстың еліміз үшін табысты болғанын атап өтті.
Президент Ербол Хамитовтың тарихи жетістікке қол жеткізіп, ел мерейін үстем еткенін айтып, оған және бапкерлеріне алғыс білдірді. Жарлыққа сәйкес, Ербол Хамитов III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ал бапкерлер Василий Коломиец пен Антон ЖданOвич «Парасат» орденіне, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаев «Құрмет» орденіне ие болды. Ербол Хамитов өз кезегінде жарыс алдында сенім артқаны үшін Президентке ризашылығын білдірді.
ЕРБОЛ ХАМИТОВ
ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
«Өте қуаныштымын бүгін мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы маған «Орден Барыс» табыстады. Мен үшін үлкен жауапкершілік енді. Осымен тоқтамаймыз»