«Таңбалы» петроглифтері заманауи форматта өнерсүйер қауымға жол тартты

«Таңбалы» петроглифтері заманауи форматта өнерсүйер қауымға жол тартты. Көрме Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өтті. Тасқа қашалған көне мұра цифрлық технологиялардың көмегімен жаңа қырынан ашылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Бәрімізге белгілі Жамбыл ауданында орналасқан Таңбалы петроглифтері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Экспозицияда таңдаулы он үш жартас суретінің түп нұсқасы ілінген. ЮНЕСКО ұйымы өкілдері көне бейнелерді заманауи нұсқада көруге арнайы келді.

Таңбалы петроглифтері адам қолымен қашалған үнсіз шежіре.  Пикетаж тәсілімен салынған суреттер мыңдаған жылдар тереңінен сыр шертеді. Жартас бетінде билеген, адамдар мен олардың үстінен қалықтаған «күн басты» құдай бейнесін экспозияция қатарынан таба аламыз. Фотосурет көркем шығу үшін құбылмалы ауа райына шыдау керек» - дейді туынды авторы. 

ВЛАДИСЛАВ КИМ 
ФОТОГРАФ 
«Әр суреттің тарихы бар. Бұны суреттің түпнұсқасы деп атай аламыз. Себебі ауа райына байланысты сурет түсі өзгеріп отырды. Сондықтан суреттер өңдеуді онша қажет етпеді. Мен тек түстің  реңін байытқым келді»

Шатқалдың әр қуысынан алынған суреттерде  аңшыларды, жауынгерлер мен түрлі жануарларды көруге болады. Қола дәуіріне тән бұл мұра — мазмұны терең, көркемдігі жоғары Орта Азиядағы жартас өнерінің құнды үлгілерінің бірі. Онда ежелгі адамдардың дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігі бейнеленген.

БИБІГҮЛ ДӘНДІҚАРАҚЫЗЫ 
«ТАҢБАЛЫ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ ҚОРЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Бір ерекшелігі шатқалға барсаңыз  жеке-жеке мағына емес, сюжеттік композиция көрсетіледі. Адамдардың бір нәрседен үркінуі, бір нәрседен қорқуы немесе жылулық бір, тоқтық мысалыға, өз құдайларын жасап алуы, күнбасты Құдайларын жасап алуға. Соның бәрі, жалпы ойындағы, өздерінің сана сезіміндегі,с ол тіршілік бәрі тасқа қашалып салынған. 

Көрмеде жасанды интеллект арқылы ежелгі дәуірдің тынысын бейнелейтін документалды бейнематериал көрсетілді. Экспозиция көрерменге сол дәуір атмосферасын толық сездіруге мүмкіндік берді. Бұл - жас ұрпақ үшін «Петроглифтер» тақырыбын меңгеруге таптырмас құрал. Көрме 19 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: