Жаттықтырушы Атабек Әлиевтің құрметіне еркін күрестен облыстық турнир аяқталды

Жамбыл ауданында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы , спорт шебері  Атабек Әлиевтің құрметіне арналған  еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы облыстық  турнир аяқталды. Дүбірлі додаға өңірдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Атабек Әнуарұлы 40 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп келеді. Ол талай спортшыны шыңдап, бірқатары әлем чемпионы атанды. «Мықты спортшы болу үшін тек физикалық жаттығу жеткіліксіз», - дейді спорт саласының майталманы.

АТАБЕК ӘЛИЕВ 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ  
«Спортта бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, төзімділік танытқандар ғана жетістікке жетеді. Өмірде де солай. Чемпиондарды байқасаңыз, әр сөзі салмақты. Себебі олар үлкен тәрбие көрген. Біз тек балаға жаттығу түрін үйретіп, қадағалап отырмаймыз. Біз оларға керек болса әке де ана да боламыз. Яғни, балада интеллект болмаса, оны жаттықтыра бергеннен пайда жоқ.» 

 Әр ауданнан жиналған 12 команда жанкүйерлерге тартысқа толы әсерлі бәсеке сыйлады. Белдесу барысында жас балуандар қайсарлық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, әр ұпай үшін аянып қалмады. «Аталған турнир нағыз спортшылардың жігерін шыңдап, жаңа белесті бағындыруға деген сенімін нығайтады», – дейді мамандар.


МАДИЯР ҚҰРАМЫСОВ 
ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
«Сол кезден бастап бізде еркін күрес дамыған еді. Қазір қайтадан келе жатыр. СКЛ. Үзіліс болып қалды. Көп балалар сыртқа кетіп қалды ғой. СКЛ. Көп жұмыс істеу керек. Жарыс көп өткізу керек. Сөйтіп балаларды өсіруіміз керек қой.»


АЙСҰЛТАН ЖЕКСЕНБАЙ  
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Мен алты жылдан бері күреске қатысамын. Мен 48 салмақта өнер көрсететін боламын. Және менің қарсыластарым көп. Және ең мықты қарсылас менің ойымша Қайдаров Темірлан.»

Спортшылар он салмақ дәрежесінде белдесіп, отыз балуан жүлделі орынға ие болды. Енді жеңімпаздар  республикалық чемпионатқа қатысады. 

Сондай-ақ оқыңыз: