Олжас биігі
Ұлттық кітапханада заңғар ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің поэмалар жинағының тұсаукесері өтті. Ақын өз туындыларын түрлі редакциялық түзетулермен ұсынып келген болса, бұл жинақта оқырман жас ақынның бастапқы қалпындағы шынайы тынысы мен қуатын сезіне алады. Мұнда бұрын-соңды жарияланбаған «Сиыр белгісінің тарихы» атты поэма алғаш рет басылып отыр. Іс-шара аясында ақ қаламгердің бай шығармашылық мұрасына арналған әдеби көрме ашылды. Көпшілік назарына ақынның кеңестік кезеңдегі мерзімді басылымдарда жарық көрген алғашқы шығармалары ұсынылды. Сондай ақ, зиялы қауым жиналған кездесуде режиссер Игорь Гонопольскийдің Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді. Бұл тағылымды шара ақынның мамыр айында өтетін 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА
АҚЫН
“Ол бүткіл түбірі мен қанымен қазақ. Ол қазақ ұлтына қызмет еткен ұлы ақыны қазақтың. Сондықтан бүгінгі 90 жасында түсіндур керек жастарға. Бұл таланттар қайта тумайды”