Асық ату

Қонаевта ұлттық құндылықтарды дәріптеген тартысты жарыс өтті. Әуесқойлар арасында асық ату мен бес асықтан облыстық командалық чемпионат өз мәресіне жетті. Жарысқа барлығы 19 команда қатысты. Бұл дода Алматы облысының құрама командасын іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Енді үздік ойыншылар шілде айында Астанада өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайды. Қатысушылар мергендік пен ұтымды тактикаларын көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Әсіресе, бес асық сайысы өте қызықты әрі тартысты өтті. “Өйткені бұл жай ғана ойын емес, үлкен зейін мен дәлдікті, ептілікті талап ететін спорт түрі” дейді ұйымдастырушылар 


НАЗЫМБЕК БАЙЫРБАЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Командада міндетті түрде үш адам болуы керек, асықта да, бес асықта да. Яғни, жалпы асық ату спорты болса, соның ішінде ұлдар асық атады бес табан деп аталады, ал, қыздардың ойыны бес асық деп айтылады қыздар ойнайды. Екеуі де командалық жүйеде ойналады.

Сондай-ақ оқыңыз: