«Еркін оқулары»

Райымбек ауданында, белгілі  ақын Еркін Ібітановтың шығармашылығын насихаттауға арналған дәстүрлі «Еркін оқулары» байқауы өтті. Әдеби байқауға биыл 70 оқушы қатысып, ақынның өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқудан бақ сынады. Ақынның  40 өлеңін жаттаған Інжу Әлнұр үздік атанып, топ жарды. Ал «Жыр эстафетасы» кезеңінде Еңлік Қожан  бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар  жас ақындар Еркін Ібітановтың шығармашылық жолын жалғап, сахнада өз өлеңдерін оқып, ерекше шеберліктерін танытты. «Мен Еркінмін» сынында Кәусар Жеңіс жеңімпаз атанды. Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Әдеби кешке ақынның асыл жары қатысып, жас талапкерлерге ақ батасын берді. 

РОЗА ҚҰЛБАЕВА
ҰСТАЗ
« Әрине бұл алғашқы рет болсада өзінің мақсатына жеткен жақсы бір байқау болған болатын. биыл екінші рет өтіп отыр. үш номинация бойынша ауданымыздағы 7-11 сынып оқушылары қатысты. өз мәресіне жетті”

Сондай-ақ оқыңыз: