Ардагерлер жарысы
Алматыда еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Бозкілем бәсекесіне АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы жиналды. Жарыс жолына шыққандардың басым бөлігі кезінде әлемдік додаларда топ жарған грек-рим, еркін күрес, самбо және дзюдо шеберлері. Биылғы бәсекеде Алматы облысынан 150-ден астам балуан бақ сынады. Олардың қатарында Ербол Қоңыратов, Дәурен Баяхметов және Ерасыл Сейдазім сынды танымал спортшылар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир ардагерлер арасындағы санаулы әрі ең ірі додалардың біріне айналып отыр.
ЕРЛАН МАЛАЕВ
ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Биыл төртінші мәрте өткізіп отырмыз. Біз мұнымен енді тоқтамаймыз, біз мұны кең көлемде биыл 6 кілемде болса келесі жылы 10 кілемде... сондай күрес фестивалін ұйымдастырсақ па дейміз. Бүкіл баладан бастап атасын, бәрін күрестірсек біз мықты, рухты ел боламыз»