Ақын абыройы

Алматыда Еуразия мәдениеттерін жақындастыру жөніндегі VII халықаралық форум өтті. Игі шара көренекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орайласты. Жиынға әлемнің түпкір түпкірінен келеген білікті сарапшылар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сондай ақ, Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева да айтулы тұлғаны мерейтойымен құттықтап, әдебиет пен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесіне ерекше тоқталды.  Толығырақ тілшіміз тарқатсын. 


Олжас Сүлейменов Қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға тыңнан түрен салған сыршыл ақын екені көпке мәлім. Оның бұдан бөлек бүкіл адамзат қауіпсіздігі үшін бел буып, антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі де - өлшеусіз. Олжас Омарұлының шығармашылық және зияткерлік қызметі түркі халықтарының әлемдік өркениеттегі орнын жаңа қырынан танытты. Әрі Еуразия халықтарының ортақ мұрасын әлемге паш етуге айрықша жол ашты. 


СҰЛТАН РАЕВ
«ТҮРКСОЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ 
«Бұл тек жазушы, әдебиетші Олжас Сүлейменовтың мерекесі емес, Түркі мәдениетінің мерекесі. Себебі біз түркі дүниесінің мәдениетін, әдебиетін, руханиятын Олжас Сүлейменовсыз елестете алмаймыз. Олжас Сүлейменовты Түркі мәдениетінің, дүниесінің лидері деп білеміз.»


Олжас Сүлейменов шығармашылығы әлемдік гуманитарлық кеңістіктің ажырамас бір бөлігіне айналды. Еңбектері Еуропа, Түркия, Ресей және Орталық Азия елдерінде жарық көрді. Қазір тау тұлғаның озық идеяларын жасбуынға сіңіру мақсатындағы бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен форум аясында «Олжастану» атты жеке бағыт құру бастамасы көтерілді. 


ИГОРЬ КРУПКО
ЮНЕСКОДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕРДІ ЖАҚЫНДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл «Олжастану» еңбегі Абайтану секілді болуы тиіс. Қазіргі таңда қордың қолдауымен «Олжастануға кіріспе» атты оқу құралын әзірлеп жатырмыз. Оны түрлі алаңдарда сынақтан өткізу жоспары бар. Нәтижесінде жаңа буынды оның шығармашылығына — поэзиясына, прозасына және лингвистикасына жақындататын сапалы оқу құралын жасау керек.»


Қазір Болат Өтемұратов қорының қолдауымен танымал ұлғаның еңбектері қайта жаңғыруда. Мәселен «Өз жерінің елшісі» кітабы үш тілде жарық көрсе, оқырманға жол тартқанына 50 жыл толған «Аз и Я» еңбегі қайта басылды. Сонымен қатар автордың 90 жылдығына арналған Поэмалар кітабының тұсауы кесілді. 

Сондай-ақ оқыңыз: