«ASPAN FEST»

Қонаев қаласында «Aспан Фест» халықаралық деңгейдегі фестиваль өтті. Алматы облысы әкімдігі және «Aspan FM» радиосының ұйымдастыруымен болған мәдени шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруды көздейді. Толығырақ келесі сюжетте.


«Жазғы демалыс маусымын әсем әнмен әрлеген ауқымды шара биыл мәдени бағдарламамен ғана шектелмей, маңызды әлеуметтік бастамаларды да қамтыды. Қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетілді


ӘНУАР ҮМБЕТӘЛИЕВ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

«Негізгі мақсат -жалпы мына жазғы фестиваль, жаздағы мына біздегі енді Қонаев қаласы тұрғындары мен қонақтарына кешкі көңіл-күй сыйлайтын бір ғаламат фестиваль деп білеміз. Сонымен қатар, жаңа "Aspan Fest" фестивалінің ашылу алдында Заң мен тәртіп жобасы бойынша видео көрсетілді. Осынымен қатар "Таза Қазақстан" акциясы аясында да идеологиялық жұмыстар жүргізілетін болады»

«Орталық алаңға келген қала тұрғындары  мерекелік думанға бөленді. Түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылып, дәмді тағамдар әзірленді. 

Сондай-ақ оқыңыз: