Толқынмен жарысқандар
Конаев қаласында ашық суда жүзуден халықаралық «Оушенмен қазақстан» фестивалі өтті. Жарысқа 20 елден келген 3000-нан астам адам қатысты. Тартысқа толы бәсекені 10 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Ауқымды спорттық додада кәсіби спортшылар бірге әуесқой жүзушілер де бап сынады. Жарыс бағдарламасына 10, 5 және 2 шақырымдық қашықтықтар, сондай-ақ балаларға арналған жүзу сайыстары енгізілді. Алмалы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жарыстың бұқаралық сипатына ерекше тоқталды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ең көп қатысушы жиналған сайыс – 2 шақырымдық спринт. Жүзуге 800-ден астам спортшы шықты. Көпшілік үшін бұл тек жарыс емес, ашық судағы өз мүмкіндігін сынау алаңы болды
ӘМИНА ШЫНӘДІЛ
ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
Ұйымдастырушылар балалар мен әлеуметтік санаттағы қатысушыларға ерекше көңіл бөлді. Биылғы фестивальге ерекше білім беру қажеттілігі бар және әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары да қатысты. Жалпы әлеуметтік жобалар аясында 220 бала қамтылды.
ЖАНСЕРІК ӘДИАХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
OCEANMAN - өңір үшін туристер легін арттырған ірі әрі маңызды оқиғаға айналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік серияның финалдық кезеңіне жолдама алды. Сайыс Алматы облысы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» және Туризм мен спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен өтті.