«Тұяқ» фильмінің түсірілімі басталды

Ең маңызды сөздер кейде үнсіздікте айтылады. Алматы облысында алғаш рет есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандардың тағдырын арқау еткен  отандық кино туындының түсірілімі басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығымен түсіріліп жатқан толықметражды фильм отбасы құндылығы, шынайы кешірім және адамға берілетін екінші мүмкіндік жайлы баяндайды. Фильмнің бірқатар эпизоды Бәйдібек би ауылында түсіріліп жатыр. Режиссер бастапқыда кәсіби актерлерді ым-ишара тіліне үйретуді жоспарлаған. Алайда туындаған бірқатар қиындыққа байланысты екі құрамды біріктіру туралы шешім қабылданған. есту және көру қабілеті шектеулі жандар іріктеуден өткен соң, үш-төрт ай бойы кино тіліне дайындалған. Ал кәсіби актерлер ым-ишара тілін меңгеру бойынша арнайы дайындықтан өткен.


ҚУАНЫШ КЕРІМҚҰЛОВ
ПРОДЮСЕР
“Қазір енді түсірілім алаңындамыз, барлығы ойдағыдай болып жатыр. Жалпы бұл фильмнен біздің күтетініміз үлкен экранға шығып және де халықаралық деңгейге шықсақ дейміз. Себебі мұндай жандар жайлы фильмдер коммерциялық фильмдермен салыстырғанда өте аз, әсіресе Қазақстанның ішінде. Сондықтанда біз шетелге осы қазақтың киносын осындай жандар жайлы киносын көрсету деген үлкен жоспарымыз бар”

Сондай-ақ оқыңыз: