«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданында шағын футболдан аудандық турнир өтті

Қарасай ауданында шағын футболдан спорт мекемелері арасында аудандық турнир өтті.

Жарысқа  он команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.Турнир «Заң және тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Тартысты бәсекеде "Ұлттық спорт мектебі" алға шықса, екінші орын «Парасат» спорт клубына бұйырды. Ал үшінші орынды нөмірі екінші  балалар мен жасөспірімдер мектебі алды. Жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болып, марапатталды. 

АЗАМАТ ЖАНДОСОВ 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
« Ауданда спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ауданымызда 12 нысан болса, онда 16 спорт түрінен 10 мыңнан астам жас бала шуғылдануда.  Оның айқын дәлелі Тайланд мемлектінде өткен еркін күрестен Азия чемпионатында ағайынды Әбдікерімовтердің бірінші және шінші орынды иеленуі. Сондай ақ футболдан Алатау лигасында біздің Қарасай ауданы бірінші орынды иеленген болатын»

Сондай-ақ оқыңыз: