Райымбек ауданында шекарашылар күні тойланды
18 тамыз – Шекарашылар күні. Шекара қызметі – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекеттік қауіпсіздіктің берік тірегі. Кәсіби мерекеге орай Райымбек ауданында салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Дастан Сұлтанмұратұлы әскери қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап,еңбегі еленген бірқатар шекарашыны марапаттады. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздар сахна төріне шығып, өнерлерін көрсетті. Ел шебін күзетіп жүрген әрбір азаматтың қызметі – бейбіт өмір мен береке-бірліктің берік қалқаны.
ДАРЫН ЕРҚАНАТҰЛЫ
МОБИЛЬДІ ТОП БАРЛАУШЫСЫ
“ Шекара шебінде жүру әрбір әскери қызметшілердің, әрбір азаматтың арманы деп ойлаймын. Өзім шекарашы болғаныма қатты қуаныштымын. Шекарада ең бірінші төзімділік, қырағылық және табандылық қажет. Шекарамыз берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.”
ТЕМІРЛАН ЖҰМАТАЙҰЛЫ
ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
“Шекара шебін қорғау мен үшін үлкен мәртебе және мақтаныш болып есептеледі. Шекарашы болу әркімге бұйыра бермейтін қызмет. Мен өз отанымның тыныштығын күзетіп жүргенімді мақтан етемін. Мереке құтты болсын!”