Ғалым мұрасы
Қазақстанның көрнекті өнертанушысы Бағыбек Құндақбаевтың туғанына биыл 1 ғасыр. Осыған орай Алматыда халықаралық конференция өтті. Әлемдік зерттеушілер жиынға онлайн және офлайн форматта қатысты. Алқалы жиын көрнекті ғалымның еңбектерін саралауға, қазіргі өнертану ғылымының бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Басқосуда ғалымның жеке отбасылық мұрағатта сақталған қолжазба мұрасын архив қорына табыстады . Бұл жәдігер өмірін, қазақ театрының тарихы мен көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге,Құндақбаевтың ғылыми мұрасын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. Қазір көрнекті тұлғаның еңбектері отандық театртану ғылымының дамуына негіз болып отыр. Сонымен қатар, конференцияда театр, кино, музыка және ұлттық өнердің басқа да бағыттарын зерттеудің заманауи тәсілдерін талқылады.
АМАНКЕЛДІ МҰҚАН
ӨНЕРТАНУ КАНДИДАТЫ, ТЕАТРТАНУШЫ
«1975-1978 жж шыққан «Қазақ театрының тарихы» деп аталатын біздің институтта шыққан 2 томдық кітапта осы кісінің еңбегі ұшаң теңіз. Қазір ескірді дегеннің өзінде төңкеріске дейінгі біздің қазақ театрының тарихын бізге жіліктеп шағып жазып кеткен осы кісі. Сондықтан біздің ризашылығымыз мол. Ұстаздығы бір бөлек жалпы қазақ театрын, театртануын аяққа тұрғызып кеткен.»