Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады

Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады

25 қыркүйектен бастап көрермендерге жаңа Qonaev Media телеарнасы жол тартты. Арнаны бүкіл ел аумағында Alma TV және Otau TV платформалары арқылы көруге болады. Эфир күн сайын таңғы 08:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Qonaev Media – қазіргі заманның қарқынына сай жасалған телеарна. Арнаның басты мақсаты – көрерменге түсінікті әрі дер кезінде ақпарат жеткізу. Біз Алматы облысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңалықтарды кеңінен қамтып, білім мен медицина, экология мен кәсіпкерлік, мәдениет пен спорт саласындағы бастамаларды көрсетеміз.Жаңалықтармен қатар, арна эфирінде аналитикалық-сараптамалық бағдарламалар, ток-шоулар мен сұхбаттар, деректі және танымдық жобалар, сериалдар мен ойын-сауық форматтары ұсынылады.Көрермен назарына ұсынылатын негізгі жобалардың қатарында «Еңбеккер,«ПайымTime», «Q-life», «Бүгінгі кеш», AGROKARTA, «Әкімге сұрақ»,«Q Start», «Қазыналы өлке», музыкалық жоба Ethhnic Sounds және өзге де хабарлар бар.Qonaev Media – барша қазақстандыққа арналған ортақ алаң. Мұнда билік өкілдерінің де, қарапайым тұрғындардың да ой-пікірі естіледі. Біз шынайы оқиғаларды көрсетіп, өмірге тікелей әсер ететін тақырыптарды талқылаймыз.Жаңа телеарнаның ашылуы еліміздің ақпараттық кеңістігі үшін маңызды қадам. Барлық көрерменді Qonaev Media арнасын қосып, ел жаңалықтарын уақытылы білуге және өңірдің тыныс-тіршілігін бірге тамашалауға шақырамыз.