Қонаев қаласының мерейтойы әсерлі гала-концертпен аяқталды

Қонаев қаласының мерейтойы әсерлі гала-концертпен аяқталды
Фото: Қонаев әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласының 55 жылдық мерейтойы ерекше сән-салтанатпен аталып өтіп, 15 мыңнан астам көрермен жиналған мерекелік гала-концертпен қорытындыланды.

Кешкі бағдарламада Қазақстан эстрадасының жұлдыздары – Мирас Жүгінісов, Bellucci және Skillz топтары, DJ NURBOOGIE мен Дана Кентай өнер көрсетті. Олардың әсерлі әуендері мен көңілді шоуы көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлап, орталық алаңды шаттық пен қуанышқа бөледі. Қала тұрғындары әншілерге қосылып, бірліктің ерекше рухын көрсетті.

Сонымен қатар, концерт аясында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға 50-ге жуық сыйлық табысталды. Оның ішінде «Alatau visit» орталығының арнайы сыйлықтары, ASP ARENA ойын-сауық кешенінің сертификаттары, Arystan gym фитнес-орталығы мен Del Mare демалыс аймағының сыйлықтары болды.

Мерекелік көңіл-күй барша қатысушыларды баурап алды. Бұл кеш қонаевтықтар үшін бірлік пен қуаныштың символына айналып, түрлі жастағы адамдарды ортақ шаттықта тоғыстырды.

Гала-концерттің шарықтау шегі – түнгі аспанды жарқырата бояған отшашу болды. Көрермендердің қуанышты эмоциялары мен көтеріңкі көңіл-күйі мерейтой рухын айшықтап берді.