«Almaty Resort» шипажайында алма фестивалі өтті
Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының «AlmatyResort» шипажайында Халықаралық алма күніне орай «Алмафестивалі» өтті.
Күзгі маусымның жарқын оқиғасына айналған бұл шара мыңнанастам қонақтың басын қосып, салауатты өмір салтын және Алматының игідәстүрлерін бейнелейтін мерекеге айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шеберлік сағаттары, байқаулар, көрмелер мен дәм татуларды қамтитын мазмұнды бағдарлама ұсынылды.
Сахнада балалар мен ересектердің шығармашылық ұжымдары, халықмузыкасы ансамбльдері және би топтары өнер көрсетті. Қонақтар қолөнербұйымдарының жәрмеңкесін аралап, арнайы фотозоналарда суретке түсіп, алмадан дайындалған тағамдардан дәм татты.
Кештің басты көріністерінің бірі – қаланың символы саналатыналмадан жасалған инсталляция болды. Мереке соңында қонақтарға біртоннадан астам хош иісті, піскен алма таратылды.
«Almaty Resort»-та алма фестивалі үшінші жыл қатарынан өтіп келедіжәне жыл сайын ауқымы кеңейіп отыр. Біз Халықаралық алма күнін атапқана қоймай, адамдарға қуаныш сыйлап, дәстүрлерімізді нығайтуды әрісалауатты өмір салтының маңыздылығын еске салуды мақсат етеміз», — деді Almaty Resort директоры Гүлжанат Бугубаева.
«Almaty Resort»-та алма фестивалі 2023 жылдан бері жыл сайынөткізіліп келеді. Шараның мақсаты — отбасылық және мәдениқұндылықтарды нығайту, дұрыс тамақтануды насихаттау және алманыңотаны саналатын өңірдің табиғи мұрасын сақтау.