Қазақы қара шаңырақ жасау өнерін заманауи жаңғыртқан кәсіпкер

Қарасай ауданында киіз үйдің сан түрін жасайтын шебер тұрады. Ол көшпенділер баспанасын құрауда көбінде сапалы ағаш пен ақкиіз пайдаланады. Сонымен қатар сұранысқа сай жасалатын темір керегелі қазақ үйлері де бар. Ал соңғы үлгіде жасалған панорамалы киіз үй үлгісі тіптен бөлек.

Жыл басы әз наурыз ескінің жаңаратын, жаңаның жанданатын мезгілі. Бұл тұста қазақ халқының адамзат өркениетіне қосқан өз үлесі яғни ұлттық қол-өнер туындыларымен төл дәстірі және спорттық ойын түрлері кеңінен нәсихатталады. Соның ішінде бағзы ғасырлардан бері сан буын ұрпақтың түтінін түтетіп, көсегесін көгертіп келе жатқан қарашаңырақты киіз үйдің орны ерек. 

43 жастағы Марат Бексұлтанов қазақы киіз үй жасауды қолға алып жүргелі 10 жылдан асты. Оқыған мамандығы радиобайланысшы болғанмен ұлттық дүниелерге жаны үйір. Мұнда алты қанат үйдің керегесін терімен тиектеп тоқып шығудан бастап уығын ұштап иу, шаңырағын шеңберлеп, күлдіреуішін бекітуге дейінгі жұмыстардың бәрін өзі атқарады. Ал киізіне келсек.

МАРАТ БЕКСҰЛТАНОВ
 КӘСІПКЕР
«Киізде тура солай төрт бөліктен тұрады. Туырық, үзік түндік, сосын есік дейді. Ал керегелерден түсіп тұратын түскиіз, шаңырақтан түсіп тұратын шашақтар, басқұр, иін бау, желбау деп аталатын жіптері бар. Сосын әдемі етіп көрсететін қазақы нақыштағы ойулар боладады»

Киіз үйдің ағаш қаңқасы мен үзік туырлық, түндік сынды киіз жамылғысынан бөлек толып жатқан ішкі бау шуы. Олар мүлде қарабайыр да қарапайым үлгіде болмайды. Барынша ойю - өрнектермен ұлттық нақышта байытылып, басқұрлар өрнегіне әлемдегі барлық түстер түгел кіріктіріледі. Әррі бағалы жүн жіптермен тоқылады. Одан бөлек керегеге ілінетін кестелі тұмар да киіз үйдің маңызды бір әшекейі саналады.

БАҒДАГҮЛ МАКЕБАЕВА 
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
«Көз бірден түсу үшін әр түрлі түспен жасап жатырымын. Мұның мағынасы сол көз тимесін, көзден тілден сақтасын деген наным ғой.»

Мұндағы киіз үйлердің дияметірі 4 жарым метрден бастап, 12 метріге дейін тапсырыс берушінің қалауымен жасалады. Орташа бір киіз үй 4-5 күн шамасында дайын болады. Ал соның ішіндегі ең үлкені қабырғаларына жылтқыш панелдер пайдаланылған мына панарамалы яғни замануи ақылды киіз үй. 

АИДА ЕЛГЕЗЕКОВА 
М.БЕКСҰЛТАНОВТЫҢ ЖАРЫ  
«Бұл біздің қиялымыздан туындаған үй деп айтсам болады. Өздеріңіз көріп тұрғандай өте жарық. Бәрі бір пултпен басқараылады. Терезе перде шаңырақ бәрі автоматтандырылған. Пултпен ашылып жабылады. Ауа алмасады. Ал жарық күн сәулесі арқылы жанады. Күн панелдерімен. 

Киіз үй көне заманнан келе жатқанына қарамастан ата бабаларымыздың ақыл ой дейңгейі тым  биікте болғанын, тіпті сол дәуірде еворопада мұндай өркениет болмағанын дәлелдей алатын мәдени көрсеткіш дейді Марат Сұлтанбеков. Сондықтан оған күн шаңырақты осы баспана қазақ елімен егіз ұғым спетті болып көрінеді.

МАРАТ БЕКСҰЛТАНОВ
КӘСІПКЕР
«Киіз үй менің бір мүшем сияқты. Оны ұмытып кетсек тарихымызды да ұмытып кетеміз. Ол өте ерекше кострукция. Бәріне айтып жүремін нағыз трансформер ол бұрынғы осы бізідң киіз үй.»

Марат Сұлтанбаеков бұдан бөлек ескіден қалған сандық, кебежелерді жинап жүр. Бүгінде елдің әр түпкірінен сатып әкелген 90 ға жуық коллкция жиынтығы бар. Ол қазақ аналарының киелі саусағының табы табы қалған бұл жәдігерлердің де уақыт өткен сайын бағасы арта береді деп белді.

Сондай-ақ оқыңыз: