Бағаға шектеу

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және базарлардағы делдалдарды азайту мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынды. Қазіргі таңда өңірде азық-түлік бағасының өсімі бірқалыпты деңгейде сақталып отыр. Бағаны бақылау үшін өңірлік комиссия апта сайын мониторинг жүргізіп, статистикалық мәліметтер негізінде қымбаттаған тауар түрлерін анықтайды.


Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасы Қанат Есболатов бастаған жұмыс тобы өңірдегі базарларда болып, сауда нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Негізгі талаптардың бірі әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 пайыздан артық үстемеақы қоспау.

ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Бұған дейін де енді баға үстемесін олар арттырып жатқан жоқ деп жатыр. Және біз соны арттырмауға ары қарай, яғни халықтың, тұтынушының арзан бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуін айтып жатырмыз кәсіпкерлерге»

Сонымен қатар, сатушыларға қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді. Әрбір өнімнің сәйкестік сертификаты мен декларациясы болуы міндетті. Құжат болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұдан бөлек тауар өлшейтін таразылардың рұқсат сертификаты болуы керек. 

РИНАТ ИМАШЕВ
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ 
« Өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңының 19-бабына сәйкес, әрбір қолданылып жатқан базардағы сатушылардың таразылары салыстырып тексеру сертификаттары болуы қажет. Ал егер де ондай құжат болмаса таразыда, онда құқық бұзушылық заңының кодексінің 419-бабына сәйкес тағы да әкімшілік құқық бұзушылық қарастырылған»

«Алтын Орда» базарында ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Азық-түлік бағасына әсер ететін стратегиялық нысан болғандықтан, өзгерістер мемлекет бақылауында. Жобаға 35 млрд. теңге инвестиция тартылған. 2028 жылға дейін заманауи павильондар, қонақ үйлер, автотұрақтар және жаңа автобекет салу жоспарлануда. 

ҚАНАТ ЕСБОЛАТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
«Осы саудагерлерге жағдай жасау үшін Үкіметтің тапсырмасы болған. Сол тапсырманың аясында мына модернизация дейміз ғой, қазір құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Бір 20-30 пайызға бітті, толыққанды 2028 жылға дейін бітіреміз деп отыр. Енді бұл тек қана бір «Алтын Орда» базарында емес, бізде жалпы аудандардың сауда орталықтарын, базар деп айтамыз ғой, базарлардың бәрінде осындай модернизация жасап, заманауи жаңағы бүгінгі заманға сай, талапқа сай жасау үшін талап қойып жатырмыз кәсіпкерлерге»

Сапар барысында әкім орынбасары сауда қатарларын аралап, саудагерлерментілдесті. Бүгінде мұнда 4 мыңға жуық жеке кәсіпкер жұмыс істейді және күн сайын миллиондаған теңгенің тауар айналымы жүреді. Қанат Есболатов әрбір кәсіпкердің мүддесі қорғалатынын және заңсыздықтарға жол берілмейтінін  айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: