Тұтынушы құқы
Облыста сапасыз тауарлар мен қызметтерге қатысты шағымданушылар саны артып келеді. Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мәлімдеді. Мекемеге 1300-ден астам өтініш түскен. Әсіресе, электронды сауда, коммуналдық қызмет және медицина салалары бойынша шағымдар жиі тіркелген. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде тұтынушыларға 13 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Статистикаға сүйенсек, азық-түлік бағасының индексі қазіргі таңда тұрақты. Алайда, делдалдардың әрекетінен бағаны 15 пайыздан асырып сататын сауда нүктелері әлі де кездеседі.
ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Департаментке түскен әрбір өтініш қатаң бақылауға алынып, нақты шаралар қабылдануда. Биыл 25 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік айыппұлдар салынды. Дегенмен, біздің негізгі мақсатымыз – жазалау емес, дауды сотқа жеткізбей, екіжақты келісіммен шешу. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсіру фактілері бойынша да жұмыс күшейтілді. Сауда үстемесін асырған немесе бағаны көрсетпеген 130-дан астам кәсіпкер жауапқа тартылып, 2 жарым миллион теңгеге жуық айыппұл төледі.