Екі ел достығы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған “Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын” өткізді. Келіссөздер қорытындысында екі ел басшылары мемлекеттер арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі халық арасындағы достықты одан әрі нығайатынын айтты. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанды “Қожа Ахмет Яссауи” орденімен марапаттады. Бұл марапат алғаш рет табысталып отыр. Қазақстан Президенті Ердоғанның түркі әлемінің ынтымағын күшейтуге және халықаралық деңгейде әділдік қағидаттарын қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалады. Өз кезегінде Режеп Тайып Ердоған көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, бұл марапатты Түркия халқы мен екі ел арасындағы бауырластықтың белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді.