Инвестициялық жобалар қаралды

Алматы облысы мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. Бүгін Қонаев қаласында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қытайлық инвесторлармен маңызды келіссөз жүргізді. Кездесуде «Цифрлық Жібек жолы» жобасы таныстырылды. Жоба аясында Сиань мен Алматы арасында тұрақты теміржол қатынасын іске қосу және заманауи логистикалық хабтар салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ өңірде алғаш рет азаматтық дрондар құрастыратын өндірістік база ашу көзделуде. Бұл ұшқышсыз аппараттар егістік алқаптарын бақылап, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Инвесторлар тау-кен саласын автоматтандырып, «Смарт сити» жобасын дамытуға ниетті. Облыс әкімі инвесторларға қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.


БУ ГОПИН
ИНВЕСТОР  
Қазақстан біз үшін Орталық Азиядағы ең басты әрі сенімді серіктес. Алматы облысының логистикалық және өндірістік әлеуеті өте жоғары, сондықтан біз бұл өңірге ұзақмерзімді жоспарлармен келдік. Біздің мақсатымыз тек дайын өнім әкелу емес, осында бірлескен цифрлық платформалар құрып, А++ класындағы заманауи қоймалар салу және жергілікті өндірісті дамыту. Аймаққа инвестиция құйып, озық технологияларды енгізуге және ең бастысы, жергілікті мамандарды оқытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға толық дайынбыз».

Сондай-ақ оқыңыз: