Өңірге корей инвестициясы келеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Ха Тэ Укпен ресми кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы серіктестікті нығайту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда аймақта корей инвесторларының қатысуымен 6 ірі жоба қарастырылып жатыр. Олардың қатарында «Hyundai Green Food» логистикалық кешені, Қонаевтағы гольф-клуб, Қарасай ауданындағы газ электр станциясы және заманауи көлік инфрақұрылымы бар. Бұдан бөлек, жаңа Алатау қаласында Кореяның Озық ғылым және технологиялар институтының филиалын ашу жоспарланған. Басқосуда Чонбук провинциясымен әріптестікті кеңейту сынды өңіраралық байланысты дамыту мәселесі сөз болды. Сонымен қатар, тараптар дизайн, киберспорт, кино мен Q-pop саласы сияқты креативті индустрияда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды. 


ХА ТЭ УК 
КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ
«Бүгінгі кездесуде экономикалық және инвестициялық бірлескен жобаларды талқыладық. Қыркүйекте Кореяда өтетін «Корея - Орталық Азия» саммиті қарсаңында жаңартылатын энергетика мен аграрлық саладағы бастамаларға басымдық бердік. Біз инвестиция құйып қана қоймай, озық технологиямызбен бөлісуге дайынбыз. Алатау қаласындағы KAIST институтының филиалы, Hyundai Green Food кешені мен Maglev көлік жобасы өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін»

Сондай-ақ оқыңыз: