Балқаш ауданының шаруалары осы жазда 12 700 гектар жерден шөп алып, мал азығымен қамтамасыз етуде

Биыл Балқаш ауданындағы суармалы жер көлемі 28 518 гектарға жетті. Соның 12 700 гектарына жоңышқа еккен шаруалар еңбегінің жемісін көріп отыр. Жылына үш мәрте орылатын көпжылдық шөп Бақанас өңірін ғана емес, облыстың өзге аудандарын  мал азығымен қамтамасы етеді. Қазір қыстың қамын жаз ойлаған шаруалар шабындық басында тынымсыз еңбек етуде.

Ақдала ауылында орналасқан «Бауыржан » шаруа қожалығы биыл 400 гегтар алқапқа көп жылдық шөп екті. Мамырдың ортасында алғашқысын орды. Енді міне тамыздың басынан  екінші мәртер шөп шабуға білек сыбана кірісіп жатыр. Шаруашылықта 15 адам жыл бойы тұрақты жұмыс істейді. Техника да жетерлік. 

ТАЛҒАТ СҰЛТАНОВ
КӘСІПКЕР  
«5 Белорс трактор бар. 3 Германка бар шөп шабатын. Екі доминатор комбайыным бар. Екі Енесей комбайыным бар. екі касем сотым бар. бір сто писиятым бар.»

Ащы тердің өтеуі - тәтті табыс. Таңмен таласа тұрып, аптаппен жағаласа жүріп жер емген тынымсыз диқан үшін адал еңбектің ақталар тұсы да осы. Кәсіпкер алғашқы орылған жоңышқаны өз шаруашылығына қалдырған. Ал екінші орақ Алматы облысы аумағына сатылымға шығып жатыр. Шөптің әр орамы 6 мың теңге айналасында. Су мол болғасын,  шөп те қалың.   

ТАЛҒАТ СҰЛТАНОВ
 КӘСІПКЕР  
«Әр гегтарына 60-70 рулоннан шығып жатыр. Негізі түсім әйбат. Екінші орымды жартыладық. Қарағанды жақтан бастап сарыөзекке де кетіп жатыр. Кеген нарынқол Былай Тарғап Дегерес бәріне кетіп жатыр»

Шөп жининау науқанында техникаға қажетті жанармай жеткілікті болуы қажет. Бұл ретте  шаруаларға мемлекеттік қолдауда бар. Биыл Балқаш өңірі 558 тонна арзандатылған жанар-жағармайға қол жеткізген. 

ӘЛІБЕК БӨПЕШБАЕВ
БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«260 теңгеден алдық мысалы. Ал қазір нарықта 338 теңге болып тұр. Бұл өте жақсы көмек қой. 67 мың тоннадай шөп жиналды. Аудан шаруалары осымен өздерінің қыстық азықтарын жинап алды.ал өздерінен артылғандарын Алматы облысы бойынша қамтып отыр»

Сондай ақ байтақ  өңірдегі 3 мың 780 гегтар арпа бидай алқабының  90 пайызы орылып, орақ науқаны аяқталуға жақын. 

Сондай-ақ оқыңыз: