Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды
Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, оқиға ыстан улану салдарынан болуы мүмкін.Алайда қазіргі уақытта бұл ақпарат нақты расталған жоқ.
Қайтыс болғандар – 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел, сондай-ақ бір жарым жасар бала. Отбасы оңаша қыстақта тұрды. Туыстары бірнеше күн бойы хабар ала алмаған соң, іздеп барып, үй ішінен барлығының жансыз денесін тапқан. Қайғылы оқиғаны бірден аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Қазіргі таңда барлық мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Құзырлы мекеме тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ЕРҚАНАТ АҚЫЛДОСОВ
САРЫБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді СКЛ «Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына заправка жасап кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер айтып жатты, үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған деп.