Құжатсыз және талапқа сай емес: Қонаевтағы тексеріс нәтижесі
Қонаев қаласында құрылыс нысандары, бейстационарлық сауда орындары және қаланың абаттандыру деңгейіне қатысты кешенді мониторинг жүргізілді.
Тексеру ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы негізінде ұйымдастырылды.
Шараға Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және қалалық прокуратура өкілдері қатысты.
Нәтижесінде, тиісті рұқсат құжаттарысыз орнатылған бірқатар нысандар анықталды. Иелеріне заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы ресми ескерту берілді.
Сондай-ақ, 68-бап талаптарына сай келмейтін құрылыс деректері тіркеліп, бұл материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.