Алматыда жаңа метро желісі салынады: 12 станцияны қамтиды

Алматыда жаңа метро желісі салынады: 12 станцияны қамтиды
Фото: metroalmaty.kz

Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Алматыда жаңа метро желісінің құрылысы басталады. Vlast.kz порталының хабарлауынша, жоба екі кезеңде жүзеге асады.

Бірінші желі – Алатау қаласынан «Мизам» базарына дейін (7 станция):

  • Gate City (Солтүстік көлік торабы) маңында;
  • «Кемел» ықшам ауданында;
  • Солтүстік айналма жолы мен Бурундай көшесінің қиылысында;
  • Солтүстік айналма мен Сауда өткелінің қиылысында;
  • Әскери бөлімнің жанында;
  • «Кенжехан» базарының маңында;
  • «Мизам» базары аумағында.

Екінші желі – «Мизамнан» бастап «Сайран» станциясына дейін (5 станция):

  • «Ялян» базары, Солтүстік айналма жолы бойымен;
  • «Adem» СОС маңында;
  • Райымбек даңғылы мен Тлендиев көшесінің қиылысында;
  • Тлендиев пен Төле би қиылысы;
  • Абай даңғылы мен Тлендиев қиылысы (бірінші метро желісімен қиылысатын жер).

Жобалық-сметалық құжаттамаға бөлінген қаржы:

  • Бірінші кезең – 1,3 млрд теңге
  • Екінші кезең – 896 млн теңге

Мердігерді таңдау конкурсы 11–18 маусым аралығында өтеді. Барлық жұмыстарды 2026 жылдың мамырына дейін аяқтау жоспарлануда.