Іле ауданында өткен жаңа Конституция жобасына арналған дөңгелек үстелде оның маңыздылығы талқыланды

Конституцияның жаңаруы – заман талабы. Қоғам қарқынды дамып, жаңа құндылықтар алға шықты. Осыған байланысты Ата заңға өзгеріс енгізу қажеттігі туындады. Іле ауданында өткен жаңа Конституция жобасына арналған дөңгелек үстелде Конституциялық комиссия  мүшелері осы мәселені талқылады. Сарапшылардың айтуынша, өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне сай болуы тиіс.

Іле аудандық мәдениет үйіне жалпы саны 200 ден аса әр түрлі қоғам өкілдері жиналды. Арасында жастар да аз емес. Жиында Конституциялық комиссия мен Ұлттық құрылтай мүшелері сөз алып, жаңа заң жобасының тиімді тұстарын түсіндірді.

АНАР ФАЗЫЛЖАНОВА
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ
«Ата заңымызда ғылымның болғанын қалайтынбыз. Сол арманымыз орындалды осы жаңа Конституцияның преамбуласында. Қазақстан мәдениет пен ғылымды дамытатын қоғам деп келетін сөйлем бар.  Және Жастар конституцияның ішінде де ғылымға қатысты бап бар. Бұл енді ғылымға қатысты ұстанымдар қайта қаралып толығады деген сөз. Бұл бізге өте қажет.»


«Заман жаңарып, сана жаңғырып жаңаша құндылықтар алға озуда. Сондықтан жаңа заң жобасының әзірленіп ел талқысына түсуі  уақыттың талабы» деді кездесуде сөз алғандар. 


ҚАЗЫБЕК ДӘУІТӘЛИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ 
«Ұлттық құрылтайдың аясында 26 заңнамалық акті қаралды.  Оның алдындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің аясында 100 ге тарта  нармативке өзгертулермен толықтырулар енгізілді.   22 жылы да 33 бабына толықтырулар енді.  Былайша айтқанда бұлар үлкен коласалды сифрлар. Бұл сандардың артында сапалық көрсеткіштер тұр.  Ол осы коституцияны референдумға салуға әкеліп отыр.»

БИНҰР ЕЛАМАНОВА
ҰСТАЗ
«Бұл жерде бәрі қамтылған. Білім де медецина жағы, табиғат та түгел қамтылып тұр. Өз басым жақсы таныстым. 95 бап 11 бөліктен құралған. Бүкіл қазақ елі қолдайды деп ойлаймын. Себебі бізге қазіргі таңда жаңа коституция керек. Сондықтан 15 наурыз күні қалмай барып қатысамын. »

Жаңа заң жобасы әзірлеуге білікті заңгерлер мен танымал сарапшылар қатысты. Әр бап жан-жақты қарастырылып, ел талқысына ұсынылып отыр. Жастар да бұл үдеріске белсенді түрде тартылып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруде.

Сондай-ақ оқыңыз: