Алматы облысында қоғамдық бірлестік басшысы алаяқтық бойынша күдікке ілінді
Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмектесу сылтауымен халықтан қаражат жинап, оны өз мақсатында пайдаланған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот шешімімен ол қамауға алынды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.