Алматы облысында қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары күшейтілді
Алматы облысында қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары күшейтілді. Биыл сібір жарасы, құтыру және кене энцефалитіне қарсы жұмысқа бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатынды айтылды.
Сібір жарасының алдын алу үшін 92 млн. теңгеге 70 қорым жаңартылып, мыңнан астам адам вакцина алды. Мамандар малды ветеринарлық тексерусіз союға және күмәнді жерден ет сатып алмауға шақырады. Құтыру мәселесі де өзекті. Жыл сайын 4 мыңнан астам адам жануарлардан зардап шегеді. Биыл 28 мыңнан астам қаңғыбас ит ауланды. Дәрігерлер жануар тістеген жағдайда жараны сабындап жуып, дереу екпе алуды ескертеді.Сондай-ақ өңірдің 6 ауданы кене энцефалиті бойынша қауіпті аймақ саналады. Қазір 700 гектардан астам жер залалсыздандырылып жатыр. Мамандар табиғатта сақ болып, дер кезінде вакцина алуға кеңес береді.
МАРАТ ИСМАИЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі статистикаға келетін болсақ, осы наурыз айының өзінде 75 адамды кене шағып олар мед.көмекке жүгініп жатыр. Сондықтан, біріншіден, барған жағдайда өзіңіздің жеке басыңыздың қорғанысыңызды ойлау керек. Ол деген, киімдеріңізді киіп, арнайы киімге репиленттер бар осы кенелерге арнайы. Сол репиленттерді алып, өздеріңіздің денелеріңізді сағат сайын көріп отыру керек кене бар ма жоқ па? Егер кене табылған жағдайда оны міндетті түрде сақтап қалып, біздің арнайы зертханаға әкелсеңіздер, біз оны тексеріп береміз.