Қонаевта «Таза аула» байқауы басталды

Қонаевта «Таза аула» байқауы басталды

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза аула» байқауы бастау алды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға кез келген қала тұрғыны қатыса алады: тұрғындар, ПИК, мекеме ұжымдары, белсенді топтар, Пәтер иелері кооперативтері (ПТ/ОСИ). Басты талап — аула аумағының немесе ұйым аумағының таза, көрікті және күтіп-бапталған болуы.

Байқаудың алғашқы кезеңі 15 мамыр мен 30 мамыр аралығында өтеді.

Бағалау критерийлері:

  1. Гүлзарларды безендіру (клумбалар, композициялар, декоративті екпелер);
  2. Көгалдандыру (ағаштар, бұталар, көгалдар);
  3. Тазалық пен ұқыптылық (қоқыстың болмауы, жалпы тәртіп);
  4. Қатысушылардың белсенділігі (тұрғындардың тартылуы, ұжымдық жұмыс).

Қосымша шарттар:

  1. Жасыл желектерге тек байқау кезінде ғана емес, үнемі күтім жасау қажет;
  2. Байқау жеңімпаздары келесі осындай байқауларға қатыса алмайды;
  3. Жүлдеге ілінбеген қатысушылар келесі байқауларға қатысуға құқылы;
  4. Қазылар алқасы аумақтарға жеке барып, жеке бағалау жүргізеді.

Жүлде қоры:

  • I орын — 300 000 теңге
  • II орын — 200 000 теңге
  • III орын — 100 000 теңге

Қатысу үшін барлық үміткерлер төмендегі WhatsApp нөміріне фото немесе видео материалдарын, сондай-ақ мекенжайын және жіберушінің толық аты-жөнін жолдауы қажет:

+7 701 719 62 40

Жеңімпаздарды марапаттау күні қосымша хабарланады.