Қонаевта әскери борышын өтеп келген жастарға әкімнің Алғыс хаты табысталды

Қонаевта әскери борышын өтеп келген жастарға әкімнің Алғыс хаты табысталды
Фото: Orda.kz

Қонаев қаласында өткен «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерт барысында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР ҚК-де мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған қала жастарына Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Жастар 2024 жылғы көктемгі шақыру науқаны бойынша Отан алдындағы борышын өткеріп, жоғары жауынгерлік дайындық көрсетіп, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін «Көктем – 2024» мемлекеттік грант иегері атанды.

Олардың тізімі келесідей:
Досымбек Бекжан Ақылбекұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Наширбай Жасұлан Азаматұлы – Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT университеті,
Медведик Владик Игоревич – Ұлттық ядролық зерттеу университеті,
Разумов Александр Юрьевич – Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті,
Рудзинский Даниил Юрьевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті,
Болатов Данияр Қанатұлы – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты,
Сәуірбай Абылай Азаматұлы – Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты,
Умаров Еламан Наурызбайұлы – Алматы технологиялық университеті.

Бұл марапат — жас сарбаздардың ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Қала басшылығы болашақ офицерлер мен мамандарға сәттілік тілеп, олардың білім мен еңбек жолында табысты болуына сенім білдірді.