Прокуратура Қарасай ауданындағы жер дауына байланысты тексеріс жүргізуде
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің депутаттық сауалы негізінде Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің әрекеттеріне қатысты тексеріс бастады.
Депутаттың мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер заңсыз ұсақ учаскелерге бөлініп, жеке тұрғын үй құрылысына (ИЖС) рұқсатсыз сатылған. Бұл әрекет барысында лауазымды тұлғалардың қолы мен мөрлері қолдан жасалған болуы мүмкін.
«Тек Қемертоған ауылында ғана екі жер телімі 83 учаскеге бөлінген. Қарасай ауданында мұндай фактілер жүздеп кездеседі. Ұқсас жағдайлар Іле және Талғар аудандарында да анықталды. Жапа шеккендер – бұл учаскелерді сатып алып, үй салып үлгерген қарапайым азаматтар», – деп жазды депутат өз үндеуінде.
Бас прокуратура қазір заңбұзушылықтарға кімнің қатысы бар екенін анықтауға кірісті. Сонымен қатар, депутат жер телімдеріне қатысты барлық құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын жоюды және даулы жерлерге тексеріс аяқталғанша тыйым салуды талап етуде.
Дереккөз:tengrinews.kz