Алматы облысында «AMANAT» партиясы 2500 оқушыны мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етті

Алматы облысында «AMANAT» партиясы 2500 оқушыны мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етті
Фото: AMANAT партиясының Алматы облыстық филлиалының баспасөз қызметі

Алматы облысында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.

Игі шара аясында 2500 оқушыға мектеп формасы мен қажетті оқу құралдары табысталды.

— Балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі. Бүгінгі күнге дейін екі мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін тағы 500 бала қажетті құралдармен қамтылады, — деді партияның Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Кубентаев.

Акцияға әр деңгейдегі депутаттар, партияның бастауыш ұйымдары, кәсіпкерлер мен аймақтағы ірі кәсіпорындар қосылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың мақсаты – әр баланың оқу жылын қиындықсыз бастауына жағдай жасау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту.

— Әр бала жаңа оқу жылын еш кедергісіз бастауы керек. Білім алу – әрбір баланың құқығы. Сондықтан біз бұл акцияны жыл сайын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастырып келеміз, — деді Қонаев қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Руслан Иштиряков.

Айта кетейік, Алматы облысында сапалы білім беруге жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде 17 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, олар жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар үш ауысымды мектеп мәселесі партияның тұрақты бақылауында.