Жасанды интеллект олимпиадасы
Астанада жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
Оған 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысып, білім мен технология саласындағы қабілеттерін сынамақ. Ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Қазақстанның цифрлық даму бағытына тоқталды. Қазақстан электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 193 елдің арасында 24-ші орында, ал жаңа технологияларды енгізуге дайындық деңгейі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Мемлекет басшысы алдағы кезеңде елді толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндеті тұрғанын атап өтті. Олимпиадаға қатысушылар жасанды интеллект үлгілерін әзірлеу, автоматтандырылған роботтарды бағдарлауда бақ сынайды. Президент қазақстандық оқушылардың жетістіктеріне тоқталды. Ол жастарға сәттілік тілеп, байқау тапсырмалары және автономды роботтардың мүмкіндіктерімен танысты.