Балалардың жазғы демалысы

Алматы облысында оқушылардың жазғы демалысын тімді өткізу үшін 21 сауықтыру  лагері жұмыс істейді. Онда 14 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылды. Бұдан бөлек, мектептер жанындағы жазғы алаңдарда 300 мыңнан астам бала бос уақытын тиімді өткізеді. Жалпы жастардың демалысы қалай өтіп жатыр? Тілшіміз тарқатады.


Жаз – балалар үшін қуаныш пен шаттыққа толы,  жаңа әсер мен жарқын оқиғалардың мезгілі. Көптен күтетін ерекше демалысты тиімді өткізуге арналған орындардың  бірі Жамбыл ауданында орналасқан. Сауықтыру кешені бір мезгілде 450-ге жуық оқушыны қабылдай алады. Мұнда балалар цифрлық құрылғылардан арылып, футбол, волейбол, жүзу сынды белсенді спорт түрлерімен шұғылданады. Түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, жеке дағдыларын дамытады. Тағы бір ерекшелік, демалыс кезінде балалар  телефонға мүлдем үңілмейді.  


ЕРНАТ СЫДЫҚОВ
САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Балаларды актерлік шеберлік жағынан қатты дамытамыз. Бізде өзіміздің актерлік маусым бар. Жұлдызды жайдарман маусымы бар. Осы жерге балалар келіп, көзбен көріп танысатын болады. Экология жағы да бар. Табиғатты жинап ағаш егеміз. Сезон біткен сайын ағаш егеміз. Одан бөлек осы аумақты жинау.»

АЯЛА АЗАМАТҚЫЗЫ
ОҚУШЫ
«Біз бұл жерде уақытымызды керемет өткіземіз. Көптеген ойындар болады. Және бұл жерден көптеген достар табамыз. Тамақтары керемет, жататын орындары да ыңғайлы» 

Сонымен қатар ауданда мектеп жанынан ашылған жазғы демалыс алаңдары жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес, 35 мың оқушының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін тағы 3 мыңға жуық бала қамтылмақ.

ЭЛЬМИРА ҚЫСТАУБАЕВА 
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
«Мектеп жанынан құрылған жазғы алаңдар жұмыс жасады кезең кезеңімен. Онда балалар өздерінің қызығушылығына қарай үйірмелер жүргізіліп отырды. Онда әртүрлі қызығушылыққа қарай дебат клубтары, робототехника клубтары, тілдік клубтар жұмыс істеді. Бұның барлығы да балалардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастыру үшін жасалған.»

Ата-ананың  баланың демалысы қызықты да пайдалы өтсе екен дейді. Ұл-қыздары телефонға телмірмей, шығармашылығын дамытып, спортпен шұғылданып, танымын кеңейтіп өткізгенін қалайды. Қазір өңірде дәл осындай талаптарға сай лагерлер жұмысы басты назарда.

Сондай-ақ оқыңыз: