Алматы облысының әкімі Қарасай мен Іле аудандарындағы әлеуметтік жағдаймен танысты
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай мен Іле аудандарына жұмыс сапарымен барып, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты. Өңір басшысы халықты ауызсумен қамту, әлеуметтік нысандар құрылысы мен инвестиция тарту сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына әзірлік мәселесін пысықтады.
Іле ауданында инвестициялық белсенділік артып келеді. Тек Өтеген батыр округінің өзінде соңғы жарты жылда тартылған инвестиция көлемі 10 миллиард теңгеден асып, 270 жаңа жұмыс орны ашылған. Дегенмен, жаңа инвесторларға бос жер телімі жетіспейді. Ал екінші жағынан, кейбір ауыл шаруашылығы жерлері игерілмей жатыр. Сондай-ақ жиында елді мекендерді ауызсумен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту міндеттері жүктелді. Ақши ауылына тіршілік көзін жеткізу үшін Бозой су құбырын қайта жаңарту, Боралдайдағы «Водник» шағын ауданының су желілерін мемлекет меншігіне өткізу тапсырылды. Бұдан бөлек, 10 ауылда жаңа мектеп салу үшін қаржы қаджет.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Аймақ басшысының жұмыс сапары Қарасай ауданында жалғасты. Қаскелең қаласындағы аудандық көпсалалы аурухананы күрделі жөндеуге 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жұмыс келесі жылы аяқталуы тиіс. Халық санының күрт өсуі инфрақұрылымға, мектеп пен медицина ұйымдарына түсетін салмақты арттырып отыр. Мәселен, Кемертоған мен Іргелі ауылдарында су тапшылығы әлі шешілмей келеді. Ал Райымбек ауылдық аймағында бірде-бір Мәдениет үйі жоқ.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Кемертоғандағы құны 4,8 миллиард теңгелік су жобасын аяқтап, Іргелідегі су желілерін жаңарту қажет. Сонымен бірге алдағы сайлау науқанына әзірлікті күшейтуді, яғни сайлаушылар тізімін нақтылап, учаскелерді ерекше қажеттілігі бар жандарға толық бейімдеу керек» деді облыс басшысы.