Ұстаздардың тамыз кеңесі
Рекорттық көрсеткіш. Биыл елімізде 300 мыңға жуық бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттамақ. Ал елде қазір 8 мыңнан аса білім шағңырағы болса, онда 5 милионға жуық шәкірт тәрбиеленеді. Бұл туралы Іле ауданында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде айтылды. Бұл кеңес - өткен жылды қортындылап, алдағы оқу жылына жаңа жоспар құратын айтулы алаң. Ал биылғы жаңа оқу жылының басты бір жаңалығы 5-7 сыныптарға конституция негіздері 8-11 сыныптарға заң мен тәртіп міндетті курстары енгізілмек. Оған қоса елде келешек мектептері ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан шаруа да ауқымды.
АЙҚОЖА ӘБСАДЫҚОВҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНСТРЛІГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЛЫМДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕТКОРЫ
Алматы облысында биыл жаңа маусымда 7 білім шаңырағы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 4 200 оқушыға арналған 5 жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Білім саласына 458 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде педагогтардың бар ынта- ықыласымен еңбек етулерін сұрады.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВАЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2026–2027 оқу жылында өңірдегі 502 жалпы білім беретін мектепте 384 786 оқушы тәлім алады деп жоспарланған. Бірінші сыныпқа 35 200 баланы қабылдау жоспарда. Ал өңірдің бас мұғалімі қазір білім беру ұйымдарының дайындығы 95 пайызға сақадай сай деді.
ҚАЙРАТ ЖҰМАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кеңесте бала қауіпсіздігі мен тәртібі талқыланды.Мұнда жастарға «Адал азамат» бір тұтас идеиясын сіңіре отырып, оқушы ұстаз және ата ана үштігі сондай ақ құқық қорғау органдары бірігіп бала тәрбиесін қадағаламақ. Ал алқалы жиында сала үздіктері де құрмет төріне көтерілді. Олар оқу ағарту минстірінің ең жоғары марапаты «Ыбырай Алтынсарин» және «Үздік педагог» төсбелгісін кеуделеріне тақты.
Кезекті тамыз кеңесіндегі басты бір түйін - енді бастауыш сынып балаларының білімі мен тәрбиесіне баса мән беріледі. Бұл қадам білім сапасын айтарлықтай көтеретін басты фактор. Сонымен қатар бала қауіпсіздігін қамтамассыз етуге де басты назар аударылып, оған биыл облыс қоржынынан 958. млн теңге қаржы қарастырылған.