Жылдамдыққа байланысты айыппұлдар қате есептелініп жатыр...

Еліміздің автомобиль жолдарында жылдамдыққа қатысты келеңсіздік туындады. "Бұл жағдай ақпараттық жүйеде кеткен ақауға байланысты болды" деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. Министрліктің мәліметінше, 13-14 тамыз күндері Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінде техникалық қате кеткен. Салдарынан кейбір жүргізушілерге орташа жылдамдықты асыруы айппұлдары қате рәсімделген. Қазір полиция мен тиісті органдар  нұсқамаларды түзету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

МҰРАТ ҚАБДЕНОВ
ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 
«Жүргізушілерге айтарымыз! Ешқайда барудың полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқамалар анықталды. Және олар автоматты түрде жойылады. Тағы да атап өтеміз. Мәселе тек тас жолдардағы аталған техникалық ахаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр. Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Жағдай бақылауда»  

Сондай-ақ оқыңыз: