Конституция күніне орай екі жаңа мектеп
Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай екі жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл білім беру нысандары «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді:
-
Алмалы ауылында — 600 орындық мектеп,
-
Қаражота ауылында — 300 орындық мектеп.
Мектептер бір бағдарлама бойынша, бірақ әр аумақтың ерекшелігі ескеріліп салынды. Жаңа ғимараттар заманауи кабинеттермен, зертханалармен және спорттық инфрақұрылыммен толық жабдықталған.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында Ащысай және Сатай ауылдарында тағы екі мектептің құрылысы жүріп жатыр, олардың ашылуы жақын уақытта жоспарлануда. Ал Төле би ауылында жаңа мектеп мемлекеттік қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша салынып жатыр.
Мұндай жобалардың жүзеге асуы ауыл балаларының оқу жағдайын едәуір жақсартып, өңірдің болашағына маңызды үлес қосады.